oC
×

Ескерту

The form #1 does not exist or it is not published.

«Дебют» жас педагогтарға арналған облыстық байқаудың қалалық кезеңінің нәтижесі
Ағымдағы жылдың 13 қазанында «Дебют» жас педагогтарға арналған облыстық байқаудың қалалық кезеңі ұйымдастырылған болатын.
Байқаудың мақсаты: жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесі мен шығармашылық әлеуетін жандандыру, кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдіру үшін жағдай жасау.
Байқаудың міндеттері:
- Талантты жас педагогтарды анықтау;
- Жас педагогтардың инновациялық идеялары мен қызмет түрлерін іздеуге деген ұмтылысын дамыту;
- Оқыту практикасында өз әзірлемелін қолдануға және пайдалануға мүмкіндік беру.
Байқауға жұмысы өтілі 3 жылдан аспайтын жас педагогтар сайысқа түсті.
Мектебімізден аталмыш байқауға екі жас маманымыз қатысып, биыл ұжымымыздың қатарына қосылған педагог-психолог Қабдош Аружан Сәбитқызы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Аружан Сабитқызын жүлделі орынымен құттықтай отыра, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!

https://www.instagram.com/p/CydjrretGuN/