oC

2025 жылдың 16 қыркүйек күні Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін мектепте «Тілдер апталығы» аясында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы -Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу, оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мектепішілік Абай оқулары байқауы өткізілді. Іс-шараға 8–10-сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысқан оқушылар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, әділқазылар алқасы үздік өнер иелерін анықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, оларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды. Іс-шара оқушыларға ұлы ақынның рухани мұрасын тереңірек танып, шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыруға үлкен септігін тигізді.