oC

Жас мамандарға арналған семинар
Мектебімізде жас мамандарға арналған нормативтік-құқықтық актілер (НҚА) және мектеп құжаттарын (дәптерлерді) дұрыс жүргізу тақырыбында семинар өткізілді.
🔹 Семинар барысында жас ұстаздар:
Білім беру ұйымдарындағы негізгі НҚА-лармен танысты;
БЖБ мен ТЖБ құжаттарын рәсімдеу, бағалау критерийлерін дұрыс қолдану ерекшеліктерін талқылады;
Құжаттардың сапалы әрі уақытылы толтырылуының маңызын түсінді.
Бұл шараның мақсаты – жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, мектеп құжаттарын сауатты жүргізуге, бағалау жүйесін дұрыс қолдануға дағдыландыру.
✨ Семинар жас мұғалімдер үшін пайдалы тәжірибе алаңы болды.
#ЖасМамандар #Семинар #БЖБ #ТЖБ #білім