oC

Бүгін мектебімізде қалалық ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балабақша мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықты нығайту, мұғалімдердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау.

🔹 Күн тәртібі бойынша мектепалды даярлық сыныбы мен бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті.
🔹 Тәрбиешілер топтық жұмыстарға қатысып, практикалық тапсырмаларды орындады.
🔹 Қатысушылар арасында пікір алмасу, сұрақ-жауап ұйымдастырылып, сабақтастықты жүзеге асырудың тиімді жолдары талқыланды.

Бұл шара ұстаздардың кәсіби дамуына, бір-бірінен үйренуіне, балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетуге үлкен үлес қосты. Осындай іс-шаралар білім сапасын арттыруға, педагогтерді ынталандыруға зор мүмкіндік береді. 🌿

#ҚалалықАшықЕсікКүні #Сабақтастық #ТәжірибеАлмасу #Білім #ұстазжолы