oC

📌 Аттестатталушы ұстаздармен әдістемелік кездесу

Бүгін аттестатталушы ұстаздарымызбен маңызды жұмыс жүргіздік. 🔹 Кездесуде педагог портфолиосының критерийлері жан-жақты талқыланды. Әрбір бөлім бойынша:
– жинақталуы тиіс құжаттар;
– бағалау көрсеткіштері;
– кәсіби жетістіктерді дәлелдеу жолдары түсіндірілді.

🔹 Бұл жұмыс педагогтерге өз портфолиосын дұрыс құруға, артық қағазбастылықтан аулақ болуға және ең бастысы – кәсіби жетістіктерін нақты әрі сапалы көрсетуге көмектеседі. 📊 «Ұстаз» платформасының жұмысына шолу жасап, оның мүмкіндіктерін таныстырдық. Педагогтер порталды тиімді қолдану арқылы:
– қажетті құжаттарды электронды түрде тапсыруды;
– өздерінің жетістіктері мен кәсіби тәжірибесін рәсімдеуді;
– уақытты үнемдеп, қателіктерді болдырмауды үйренді.

🔹 «Аттестатталушының тепе-теңдік дөңгелегі» әдісін пайдаланып, педагогтердің кәсіби дамуына әсер ететін факторларды талдадық. Бұл әдіс әріптестерімізге өздерінің күшті және әлсіз тұстарын көруге, қай бағытта көбірек қолдауға зәру екенін анықтауға мүмкіндік берді.

✨ Аттестаттау – тек құжат тапсыру ғана емес. Ол – кәсіби өсуге, тәжірибе жинақтауға, өзін-өзі дамытуға жасалған маңызды қадам.

🤝 Әр ұстаздың дамуы – білім сапасының дамуы.
Бірге өсейік, бірге өрлейік!