oC

🌳✨ Ардагер ұстаздар мен жас ұстаздар сабақтастығы – игі дәстүр жалғасы!
Ұстаздар күні қарсаңында «Ә. Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін мектепте» «Ардагер ұстаздардың аллеясы» атауымен ерекше іс-шара өтті. Ардагер ұстаздарымыз бен жас мамандардың қатысуымен ағаш егу акциясы ұйымдастырылды. 🌱
Бұл бастаманың мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ұстаздық жолдың қадір-қасиетін дәріптеу және табиғатты аялау.
Әр егілген жасыл ағаш – білім мен тәрбие жолындағы еңбектің, тұрақтылық пен өміршеңдіктің белгісі. 🌿
📌 Ардагер ұстаздардың даналығы мен жас ұстаздардың жігері тоғысқан бұл шара болашаққа қалдырған өнегелі із болып қалмақ.
#АДАЛ_азамат
#АРДАГЕРҰСТАЗДЫҢАЛЛЕЯСЫ
#АрдагерҰстаздардыңАллеясы
#АдалАзамат