oC

Бүгін мектебімізде «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсы аясында облыстық тыңдаушыларға арналған мазмұнды семинар өтті. Іс-шара барысында ұстаздарымыз өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.

📘 Сандуғаш Жұмабекқызы 6 «А» сыныбында «Ұлттық құндылықтар – ел қазынасы» атты тағылымды ашық сабақ өткізіп, оқушылардың бойына ұлттық рух пен құндылықтарды сіңіруге бағытталған әдіс-тәсілдерін ұсынды.

🎬 Айгүл Амангелдіқызы 10 «Ә» сыныбында «Қазақ киносы – қазақ тарихы» тақырыбында мазмұнды сабақ өткізіп, кино өнері арқылы ұлт тарихын танытуда тың көзқарас көрсетті.

📝 Гүлнұр Амантайқызы «Қазақ әдебиеті сабағында құндылықтарды тәрбиелеу: жаңа ғасыр мұғалімінің міндеті» тақырыбында өзінің тәжірибесін ортаға салып, білім мен тәрбие үндестігіне басымдық берді.

💻 Ерқанат Қуанышбекұлы «Жасанды интеллектіні қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына енгізу» атты шеберлік сыныбын өткізіп, заманауи технологияларды тиімді қолдану жолдарын көрсетті.

Семинар барысында қатысушылар ұлттық құндылықтарды насихаттаудың түрлі жолдары, білім беруде цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану, соның ішінде жасанды интеллектінің рөлі туралы пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.

🔹 Шара соңында «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының әдіскері Гүлзат Кенжебекқызы сөз сөйлеп, семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарына қатысқан мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне оң бағасын берді.

🏫 Мектеп директоры Жұлдыз Колымжаевна сөз алып, сабақ өткізген ұстаздардың еңбегіне алғыс білдірді. Мұндай іс-шаралардың мұғалімдердің кәсіби дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ, ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне сіңіруде ұстаздардың рөлі зор екенін айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.