📌 Онлайн ата-аналар жиналысы өтті!
📅 *Тақырып:* *«Балалар мен жасөспірімдердің дәрі-дәрмекпен улануын болдырмау жолдары»*
Бүгін мектебімізде маңызды тақырыпта *онлайн ата-аналар жиналысы* өтті. Жиын барысында балалар мен жасөспірімдердің дәрі-дәрмекті мақсатсыз қолдану қаупі, эмоционалдық жағдайы және отбасының қолдауы туралы өзекті мәселелер қаралды.
💬 *Жиын қорытындысында* — балаға деген сенім, ашық қарым-қатынас және қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызы ерекше аталып өтті.
📲 Осындай маңызды кездесулер — балалардың амандығы мен жарқын болашағы жолындағы маңызды қадам!




