oC

Құрметті Жанаржан Дулатовна!

Сізге шын жүректен алғысымды білдіремін. Үнемі қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, біліміңізбен, тәжірибеңізбен бөлісіп жүргеніңіз үшін үлкен рақмет! Сіздің тәлімгерлік еңбегіңіз маған кәсіби дамуда ғана емес, өмірлік ұстанымдарымда да үлгі болды.
Сабырлылығыңыз бен даналығыңыз әрдайым жігерлендіріп, алға жетелейді. Ізгі ниетіңіз бен қамқорлығыңыз үшін шын көңілден ризашылығымды қабыл алыңыз. #жаспедагогчеллендж #Адал_азамат