oC

✨ Тарихи сәт! ✨
Біздің мектеп түлегіміз Құрмет Нұрлан Қазақстан командасы құрамында Enactus World Cup Early Stage финалына шықты! Бұл — соңғы 30 жылда Қазақстан үшін тұңғыш мәрте жеткен үлкен жетістік.

Команда әлемге CortexAI жобасын таныстырды — 3D медициналық талдау арқылы қатерлі ісікті ерте анықтайтын жасанды интеллект агенті. Финалдық жолда олар АҚШ, Канада, Оңтүстік Африка және Үндістан секілді алпауыт елдерді артта қалдырып, Sustainable Expo 2025 сахнасында Бангкокта сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетсек, Enactus AITU – Enactus және Enactus Kazakhstan платформасындағы ең жас команда. Олар бұған дейін «Жылдың үздік дебютанты» атанып, Enactus Kazakhstan National Cup 2025 ұлттық чемпиондары болған еді.
Бұл жеңіс – Қазақстан үшін ғана емес, біздің мектебіміз үшін де үлкен мақтаныш!
Түлегімізге алдағы жетістіктерінде тек жеңістер, биік белестер мен жаңа мүмкіндіктер тілейміз! Біз әрдайым қолдаймыз! 💙