Мектебімізде жас ұрпақтың ел тарихына деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту мақсатында “Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер” тақырыбында эссе жазу жұмысы ұйымдастырылды. ✍️✨
Оқушылар еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі тарихи белестерін, мәдениет пен ғылымдағы, спорт пен экономикадағы жетістіктерін өз ойларымен өрнектеп жазды. 🌟
Бұл шара жас буынның отансүйгіштік сезімін күшейтіп, Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағына сенімін арттыра түсті. 💛
#ТәуелсіздікЖылдары
#ЖасҚаламгер
#ОтанСүйгішҰрпақ
#ЭссеЖазуБайқауы




