Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекеміз-Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!💐
Ұстаз болу-үлкен жауапкершілікті, шексіз мейірімділікті, шыдамдылық пен жүрек жылуын талап ететін абыройлы да асыл мамандық. Біздің басты мақсатымыз -жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, олардың тұлға болып қалыптасуына жол көрсету, өмірге бағыт-бағдар сілтеу.
Сіздердің еңбектеріңіз бен адал қызметтеріңіздің арқасында мектептің мәртебесі өсіп, шәкірттеріміздің жетістіктері артып келеді. Әрқайсыңыздың еңбегіңіз елдің ертеңіне қосылған өлшеусіз үлес.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс және шәкірттеріңіздің қуанышына кенеле берулеріңізді тілеймін!
Әрбір күніңіз мерекеге толы, еңбегіңіздің жемісі баянды болсын!




