oC

Азаматтық қорғаныс – қауіпсіздік кепілі! 🛡️
Бүгінгі таңда төтенше жағдайлардың алдын алу мен адам өмірін қорғау – баршамыздың басты міндетіміз.
Азаматтық қорғаныс шаралары:
✅ табиғи және техногендік апаттарда әрекет ету;
✅ алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеру;
✅ эвакуация ережелерін білу;
✅ қауіпсіздік нұсқауларын сақтау.
‼️🔈Осы орайда бүгін мектебімізде Азаматтық қорғаныс оқу-жаттығуы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен қызметкерлерді төтенше жағдай кезінде қауіпсіз әрі дұрыс эвакуациялауға үйрету, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру болды. Дабыл берілгеннен кейін барлық сыныптар мұғалімдердің жетекшілігімен мектеп ғимаратының 5 қосалқы есігінен шығып, мектеп алдына жиналу алаңына бағытталды. Мұғалімдер өз сыныптарының толықтығын тексерді. Эвакуациялау шарасы жалпы 5 мин, 47 сек өтті. 338 оқушы, 38 педагог, 12 кіші қызметкерлер эвакуацияланды.
🔔 Қауіпсіздік ережелерін білу – өзіңді де, өзгені де қорғау!
#АзаматтықҚорғаныс #ҚауіпсіздікКепілі #ТөтеншеЖағдай #ӨмірҚорғау