🏆 2 қазан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі ұйымдастырылған болатын.
Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;
3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.
Аталмыш конкурсқа мектебіміздің 10 сынып оқушысы Бекпаев Жангельды "Өлкетану" секциясына қатысып, жүлделі 3 орын иегері атанды. Жетекшісі мектебіміздің география пәні мұғалімі Абдразахов Нұрсейіт Абдурашидович.
✨ Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – қажырлы еңбектің, табандылықтың және ұстаз бен оқушы арасындағы ынтымақтастықтың жемісі.




