🏆 2 қазан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі ұйымдастырылған болатын.
Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;
3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.
Аталмыш конкурсқа мектебіміздің 11 сынып оқушысы Нурмуканов Нұрислам "Адам және қоғам" секциясына қатысып, жүлделі 1 орын иегері атанды. Жетекшісі мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Сералина Жұлдыз Ерболатқызы.
✨ Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Осы жеңіс – жаңа ғылыми ізденістердің бастауы болсын!




