2025 жылғы 1 қазан күні мектебімізде 5–6 сынып оқушылары арасында *«Құқық бұзушылыққа жол жоқ!»* тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың түрлері, оның салдары, жауапкершілік туралы түсіндірілді.ДТІЖО А.Қ.Сейткулова және әлеуметтік педагог Ескожина Д.Р құқықтық мысалдар келтіре отырып, балалармен пікірталас жүргізді. Балалар өз ойларымен, көзқарастарымен бөлісіп, құқықтық сауаттылық бойынша сұрақтарға жауап берді.




