🎨 «Менің көңіл-күйімнің түсі» тренингі 🌈
0 және 1-сынып оқушыларымен тренинг өтті. Балалар өз эмоцияларын түстер арқылы білдіруді үйренді. Әр бала өз көңіл-күйін қызыл, сары, көк, жасыл секілді түстермен бейнелеп, оны суретке түсірді.
🌞 Мақсаты: Баланың ішкі сезімін түсінуіне көмектесу, өзін білдіруге мүмкіндік беру және эмоцияны тануды дамыту.
👧🧒 Балалар бір-бірінің көңіл-күйін түсінуге тырысты, ой бөлісті, суреттері арқылы сезімін жеткізді.
Бала эмоцияны білдіруді білсе – ол өз әлемін жақсы түсінеді.
💛 Біз әр баланың ішкі әлеміне жол ашып келеміз!
#2025
#психикалық_денсаулық_онкүндігі




