oC

📌 Мектебімізде ұлдар мен қыздар жиналысы өтті
09.10-10.10 күндері мектебімізде 5-11 сынып аралығында ұлдар мен қыздардың қатысуымен тәрбиелік мәні зор жиналыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында әдептілік, жауапкершілік, өз-өзін ұстау мәдениетін қалыптастыру, қыз бала мен ұл баланың қоғамдағы, отбасындағы орнын түсіндіру болды.
Жиналыс барысында оқушылармен ашық әңгіме жүргізілді. «Нағыз жігіт қандай болу керек?» және «Инабатты қыздың келбеті» тақырыптарында пікірталас өтті.
Кездесу барысында оқушылармен қоғамдық тәртіп, мектеп ережесін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері де талқыланды. Қалалық ішкі істер бөлімінің лейтенанты Шокан Айгерим Ильясовна жасөспірімдерге құқықтық мәдениет, мектеп тәртібі мен заң талаптарын сақтау, интернеттегі қауіпсіздік және өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау жөнінде кеңінен түсіндірме берді.
Оқушылар маманның әңгімесін тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Балалар өз ойларын ортаға салып, пайдалы кеңестер мен жақсы ой түйді.
✨ Мұндай кездесулер оқушылардың адамгершілік қасиеттерін арттырып, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді.
#тәрбиежұмысы #қыздаржиналысы #ұлдаржиналысы #инабаттықыз #нағызжігіт #мектепөмірі