oC

Мектеп кітапханасында 13.10.2025ж. “Абайдың қара сөздері - мәңгі мұра” тақырыбында 7”ә” сынып оқушыларымен кітапханалық сағат өтті. Абай Құнанбайұлының қара сөздері - ұлттың санасын оятқан, терең ой мен өмірлік ақылға толы мәңгілік мұра. Ол қара сөздері арқылы жастарды білімге, еңбекке, әділдікке, сабыр мен мейірімге үндеді. Оқушылар қара сөздерді оқыды, талқылады, сұрақтарға жауап берді. Өз ойларын толық жеткізіп, берілген тапсырмаларды дәптерлеріне орындады, Қара сөздер - тәрбие құралы. Қарапайым тілмен терең мағына береді.