oC

15 қазан 2025ж 3”Б” сыныбында Сексенбаева Жанаржан Дулатқызы математика сабағынан ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: 7 санына көбейту және бөлу кестесін құру. САбақтың мақсаты: 7 санына көбейту және бөлу кестесін құру және қолдану. Сабақта әр түрлі заманауи әдіс-тәсілдер қолданылды. Жасанды интеллектіге негізделген түрлі платформалар пайдаланылды.Сабақтың әр кезеңі бір-бірімен тығыз байланысқан, жан-жақты ойластырылған. Оқушылар белсенділік танытты. Сабақ мақсатына жетті. Тәжірибе алмасу мақсатында қатысқан жас мамандар мен әріптестер өз ойларымен бөлісіп, мұғалімге жылы лебіздерін білдірді.