oC

Мектебімізде қазанның 16 күні көңілді көңіл күй мен әсем әуенге толы «Күзгі бал – 2025» атты мерекелік кеш өтті 🍁
Бұл жылы дәстүрлі күзгі бал ерекше реңк алып, маскарад түрінде ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі бейнелерде киініп, бейнероликтер жасап, шығармашылық қабілеттерін паш етті.
Сонымен қатар алтын күз тақырыбында сәндік киімдерін киіп, заманауи трендтегі стильдерді қолданып флешмоб ұйымдастырды. Кеш барысында би сайысы, пародия сайысы арқылы артерлік шеберліктерін, сахнада өзін-өзі ұстауын көрсете біліп, үздіктер марапатталды.
«Күз ханшайымы-25» - Саматила Айару, «Күз ханзадасы-2025» - Асетов Асылхан атанды.
Бұл кеш – оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға, достық пен ұйымшылдықты нығайтуға бағытталған тамаша шара болды! 🌟
#КүзгіБал2025 #МектепӨмірі #АлтынКүз #Адал_азамат