oC

📸 Сурет көрмесі: «Күздің бояулары» 🍁
Мектебімізде жыл мезгілдерінің сұлулығын сурет арқылы бейнелеген «Күздің бояулары» атты 1-4 сыныптар арасында көрме ұйымдастырылды. 🌾🎨
Көрмеге оқушылар өз қолдарымен салған әсем туындыларын ұсынды. Әр суретте алтын түске боялған жапырақтар, сары даланың көрінісі мен күздің жылы шуағы ерекше шеберлікпен бейнеленген. 🍂
Бұл шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және эстетикалық талғамын қалыптастыру. 🌟
Сонымен қатар, «Күз сыйлаған әсем өрнек» тақырыбында қызықты қолөнер сабағына да 1-4 сыныптар қатысты. 🌾✨
Оқушылар күзгі жапырақтар, түрлі жеміс-жидектер мен көкөністерді пайдаланып, ерекше аппликациялар мен әсем композициялар жасады. 🍎🥕🍇
Табиғи материалдардан жасалған әр туынды күздің көркін, молшылығын және табиғат сұлулығын айқын бейнеледі. 🌿🎨
Бұл сабақ балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, еңбекқорлыққа, табиғатты қадірлеуге баулыды. 🌟
👏 Белсенді қатысып, үздіктер марапатталды.
Көрмеге қатысқан барлық жас суретшілерге алғыс білдіреміз!
#ҚолөнерСабағы #КүзСыйлағанӘсемӨрнек #Аппликация #ЖемісЖидек #Көкөніс #Шығармашылық #МектепӨмірі