oC

Бүгін мектебімізде ерекше қуанышты сәттің куәсі болдық. 5-сынып оқушылары салтанатты түрде Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымына қабылданды!
Оқушылар елжанды, білімді, тәртіпті болуға, елінің болашағы үшін аянбай қызмет етуге ант берді.
Салтанатты жиында оқушылардың кеудесіне көгілдір галстук пен төсбелгі тағылып, ұйым мүшелері қатарын толықтырды.
Бұл – болашаққа ұмтылған жас ұрпақтың жарқын жолының бастамасы.
Жас ұландықтарға тек сәттілік пен биік белестер тілейміз!
#ЖасҰлан
#Ұлтболашағы
#Республикакүні