oC

Мектемізде қазан айының 20 күні даярлық топта көңілді де әсерлі “Алтын күз” мерекелік ертеңгілігі өтті. Балалар күз ханшайымын қарсы алып, түрлі өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп, күз туралы әндер айтылып, көңілді ойындар ойнатылып, өз өнерлерін паш етті.
Жарқын түстерге боялған күзгі сән үлгілері, жапырақтармен әсемделген сахна – барлығы мерекеге ерекше көрік берді.
Мереке барлығына үлкен қуаныш сыйлап, қатысушылардың еңбегі жоғары бағаланды. Сынып жетекшісі: Субанова Альбина Куанышқызы