oC

Қазан айының 22 жұлдызында мектебімізде 8–11 сыныптың ұлдары мен ауған соғысының ардагерлері қатысқан «Тәуелсіз елдің ұландары» атты тағылымды дөңгелек үстел өтті.
Келген қонақтар: Петропавл қаласының қорғаныс істер бөлім бастығының орынбасары подполковник Бурлукпаев Нургиса Айтпайұлы, ауған соғысының ардагері Парманов Таспулат Парманович және Таттыбаев Эрик Иланович.
Шара мақсаты – жас ұрпақты елін сүюге, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу және ауған соғысы ардагерлерінің ел үшін жасаған ерліктерін құрметтеу.
Қорғаныс істер бөлім бастығының орынбасары Нургиса Айтпайұлы жоғары сынып оқушыларына әскери оқу орындары туралы ақпарат беріп, қабылдау талаптары мен болашақ әскери мамандықтардың мүмкіндіктері жайлы түсіндірді. Бұл жастарға болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар берді.
Ардагерлер өздерінің жауынгерлік жолы, қиын-қыстау кезеңдердегі естеліктерімен бөлісіп, жас ұландарға өмірлік сабақ болатын ақыл-кеңестерін айтты. Жасөспірімдер қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, ерлік пен отансүйгіштіктің мәнін терең сезінді.
Бұл кездесудің әрбір минуты – патриоттық рухты күшейтіп, тәуелсіз елдің нағыз ұландары болуға жетелеген ерекше сәт болды.