oC

Мектебімізде Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, оқушылардың білім көкжиегін кеңейту мақсатында «Тәуелсіз елдің зияткер ұрпағы» атты 8 сыныптар арасында интеллектуалды ойын өткізілді.
Ойын барысында қатысушылар тарих, әдебиет, елтану, ұлт ғұламалары, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері секілді түрлі тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Оқушылардың тапқырлығы, жылдам ойлауы және командалық бірлігі ерекше байқалды.
Шара жас ұрпақтың ой-өрісін дамытып қана қоймай, ел тарихына деген қызығушылығын оятып, патриоттық рухын нығайтты.
Ойын қорытындысы бойынша 8 «Ә» сыныбы І орын, 8 «Б» сыныбы ІІ орын, 8 «А» сыныбы ІІІ орын иеленді, құттықтаймыз.