oC

Мектебімізде 9-сынып оқушылары арасында «Адал ұрпақ» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты – жасөспірімдердің бойында адамгершілік, әділдік, жауапкершілік, адалдық сияқты асыл құндылықтарды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар адалдықтың өмірдегі маңызы жайында пікір алмасты, түрлі өмірлік жағдаяттарды талдап, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, бейнематериалдар көрсетіліп, әділдік жолын таңдай білудің маңызы түсіндірілді.

Шара жас ұрпаққа адалдықты ту етіп көтеріп, ел болашағына жауапты азамат болуға үндеді.