«Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы
Мектебімізде Отанға деген сүйіспеншілік пен тәуелсіздік рухын дәріптеу мақсатында «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара өтті.
Шара барысында оқушылар жүрек тебірентер патриоттық әндер орындап, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен жетістіктері туралы жыр шумақтарын оқыды. Би қойылымдары, көркемсөздер мен сахналық көріністер елге деген махаббатты терең сезінуге мүмкіндік берді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында елін мақтан тұту, ұлттық құндылықтарды құрметтеу және тәуелсіздіктің қадірін ұғындыру болды.
Бұл әсерлі кеш қатысушылардың рухын көтеріп, «Мәңгілік Ел» идеясын жүректеріне бекем ұялатты.
#ТәуелсіздікЖылдары
#ОтанСүйгішҰрпақ
#АДАЛ_азамат




