Сынып жетекшілер отырысы өтті 🏫
Бүгін мектепте сынып жетекшілердің отырысы өтті. Жиын барысында оқу-тәрбие жұмысының өзекті мәселелері талқыланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар нақтыланды.
Сондай-ақ, сынып жетекшілердің тәжірибе алмасуы, оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру жолдары қарастырылды.
Отырыс нәтижесінде бірқатар ұсыныстар қабылданып, ортақ мақсат — оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау екені атап өтілді. 🌟




