oC

30 қазан 2025 жылы «Құндылықтарға негізделген білім: академиялық адалдықты қалыптастыру жолдары» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқу үдерісінде академиялық адалдық қағидаттарын нығайту, мұғалімдер мен оқушылар арасында өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды талқылау болды.
Кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды:
🔹 Академиялық адалдық – сапалы білім берудің негізгі кепілі ретінде;
🔹 Оқушылар арасындағы қарым-қатынаста төзімділік пен сыйластықты дамыту жолдары;
🔹 I тоқсанның оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы;
🔹 Мұғалімдердің кәсіби қызметін бағалау және рейтинг қорытындылары.
Кеңес барысында мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар айттылды. Осындай кездесулер педагогикалық қауымның кәсіби дамуына, оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіруге және мектеп ұжымында бірлескен жұмыс мәдениетін нығайтуға өз үлесін қосады.
#ПедагогикалықКеңес #АкадемиялықАдалдық #ҚұндылықтарғаНегізделгенБілім #БілімСапасы #МектепӨмірі #ҰстазМәртебесі #БілімБерудеАдалдық