🧠 PISA–2025: Өмірлік дағды мен өзіне сенімділік – табыс кілті!
Бүгін мектепте PISA–2025 халықаралық зерттеуіне дайындық аясында оқушылармен түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Мақсат – оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығын арттыру, алған білімін өмірде қолдана білуге бағыттау.
🗣 Әңгіме барысында зерттеу мақсаты, оның маңызы және тапсырмалардың ерекшелігі түсіндірілді.
🔍 Балаларға күнделікті өмірмен байланысты сұрақтарға талдау жасау, өз ойын дәлелдеп айту, логикалық ойлау және сыни тұрғыдан бағалау дағдыларының маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар, психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты-оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, күйзеліске төзімділігін дамыту және зерттеу тапсырмаларына позитивті көзқарас қалыптастыру.
✨ PISA тек білім көрсеткіші емес, бұл – өмірде өз орнын табуға, ойын еркін жеткізе алуға мүмкіндік беретін тәжірибе!
#PISA2025 #БілімСапасы #ПсихологиялықҚолдау #ӨзіндікДаму #ОқушыБелсенділігі




