2025 жылғы 12 қараша күні қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінің I туры өтті.
Байқауға өңір бойынша 8–11-сыныптарының 117 оқушысы қатысуға өтінім берген. Конкурс жаңа форматта – «көрме-жәрмеңке» түрінде өттіі. Әр қатысушы жеке стендте өз ғылыми жобасын ұсынып, зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Аталмыш конкурсқа қатысқан мектебіміздің 11-сынып оқушысы жүлделі 2 орын иеленді, Нұрисламға келесі кезеңнен де сүрінбей өтуге тілектеспіз! 👏🏻👏🏻👏🏻




